Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлерге пара беруге тырысқан қазақстандық кейін бұл ісіне өкініп қалды

Ақтөбеде мас күйінде көлік айдап, жауапкершіліктен қашу үшін лауазымды адамға пара берген ер адам сотталды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе қаласының №2 сотының мәліметінше, лауазымды адамға пара беруге оқталды деген айыппен С-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

“С. көлік құралын басқаруға құқығы болмаса да мас күйінде автокөлікті басқарған. Кейін оны полиция қызметкерлері ұстаған. Өзі үшін жағымсыз салдарларды болдырмау мақсатында сотталушы С. полиция патрульдік қызметінің машинасында лауазымды адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасамауы және оны әкімшілік жауаптылықтан босатуы үшін 10 000 теңге сомасында пара беруге тырысқан”, – делінген хабарламада. 



Сотталушы аталған іс-әрекетте өзінің кінәсін толық мойындады. Оның өз әрекетіне өкінуі мен кішкентай балаларының болуын сот жазаны жеңілдететін жайт ретінде қарады. 

“Сотталған адамның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта белгіленбеген. Соттың үкімімен солтталушы С. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. 112 500 теңге сомасында параның он бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау