Ақтаудағы әскери тергеу басқармасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы Мұхит Жауғашевты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Mail.kz
Мұхит Жауғашев 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл жайлы ақпарат желтоқсанда шыққан еді. ҰҚК қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы “Пара алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды", – деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін ішкі істер министрлігіне қарасты "Еңбек" мекемесінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"