Ақтөбеде парашюті ашылмай қалған курсант қаза тапты

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты парашютпен секіру кезінде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 15 шілде күні таңертең болған. Жоспарлы оқу-жаттығу кезінде курсанттың парашюті ашылмай қалған. Ол ауыр жарақат алған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр. Әуе қорғанысы күштері қолбасшылығы қаза болған курсанттың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.
Марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек берілмек.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында мерзімді қызметтегі сарбаз бен ата-анасы жол апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”