Ақтөбеде көше әжетханасынан жаңа туған сәби табылды
Полиция қызметкерлері қоғамдық әжетханаға жаңадан туылған қызын қапқа салып, тастап кеткен ананы іздеуде.
Бұл туралы Ақтөбе қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
«12 мамыр күні 102 номеріне 41 жастағы әйел хабарласты. Ол ауладағы әжетханадан қапқа салынған жаңадан туылған қыз бала табылды деп хабарлады»,-делінген қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хатта.
Құзырлы органның мәліметінше қазір нәресте перзентхана дәрігерлерінің қарауында екен.
«Болған жайт бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті. Баланың анасы іздестіріліп жатыр»,-дейді ІІД баспасөз қызметі.
Талқылау