Ақтөбеде қораптан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат полицияға 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те келіп түскен.
Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"