Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 қызметкерінің жазасы жеңілдетілді
Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің қоңырауын елемеген 112 қызметкері Әділ Қалидолланың жазасы жеңілдетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Ақтөбелік келіншектің қоңырауын жауапсыз қалдырған диспетчер 2 жылға сотталған еді.
Алайда Ақтөбе облыстық соты төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчері Әділ Қалидолланың жазасын жеңілдетті.
Аппелляциялық сот 21 қазанда диспетчердің қыркүйекте шығарылған үкімін қайта қарады. Нәтижесінде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы екі жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырылды.
Үкімді өзгерту туралы шешім қандай қабылданғанын облыстық сот нақтылаған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 қызметкері сотталғаны айтылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген