Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды
Ақтөбеде жұрттың мазасын алған қаңғыбас жындыханаға жатқызылды. Қоғамға қауіп төндіргендіктен дәрігерлер оны құжатсыз-ақ емдемекші. Бұл жігіттің ауруы кезбелік өмірдің кесірінен қозып кеткен көрінеді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Сондықтан не істеп не қойғанын білмейді. Тіпті, іш киімін шешіп, қоқыс жәшігімен де жыныстық қатынасқа түсіп тұрғындарды шошытқан еді. Өзінің айтуынша, аты-жөні Тимур Лян. Кәріс жігіті Қарақалпақстанда туған болуы мүмкін. Ел бойынша сұрау салып, анықтама жинаған дәрігерлер оның бұрын сотталғанын ғана анықтапты. Кісі тонағаны үшін Жаңаөзен мен Алматы түрмелерінде жазасын өтеген. Ол жақта да ауырып, жабық мекеменің жанындағы ауруханада ем алыпты.
-“Бұрын да қылмыс жасап сотталған. Бірнеше жерде осылай көшіп-көшіп келген де, Алматыда болған. Алматыда қазір ақпарат алдып жатырмыз”, – дейді Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Ғабдрахманова.
Бұған дейін Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшырғанын жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)
Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)
Екі қойды мінгестіріп алып велоспедпен жүрген жігіт желі қолданушыларын аң-таң етті (видео)
Темекі шегіп тұрған бүлдіршін желі қолданушаларын шошытты (видео)
Астаналық заңгер кеңсесінде 3 метрлік алып жыланды асырап отыр (фото, видео)