Ақтөбеде қызғалдақ ұстап суретке түскен ауыл әкімінің бас дауға қалды
Фото: Видеодан скрин
Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің басшысы Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл әкімінің желідегі суреті қызу талқыға түсті. Жұрт шенеуніктен мемлекеттің қорғауындағы гүлдерді не себепті жұлғанын түсіндіруін талап етті. Әкімнің айтуынша, қызғалдақтарды оған қыздары табиғат аясында демалып жүргенде сыйға тартқан. Ал онда гүлдерді жұлуға тыйым салынатыны туралы белгі болмаған дейді.
Осылайша ақтөбелік шенеунік жазадан жалтаруы мүмкін. Өйткені полиция гүлдерді әкімнің өзі тергеніне тікелей дәлел жоқ деп отыр.
“Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны да грейг қызғалдақтарын теріп жүрген жерінен видеоға түсіп қалған еді. Сол әрекеті үшін ол 12 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
