Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қайтыс болған әскери қызметкердің артында 4 баласы қалды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде қаза тапқан Берік Қалиевтің туған-туыстарына көңіл айтты.

kazpravda.kz_

Сурет: kazpradva.kz

“Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Берік Қалиевтің туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын, – деді әкім.

Бұған дейін Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқанын хабарлаған едік.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген Берік Қалиев өмірінің соңына дейін Отан қорғау сияқты қасиетті борышын лайықты өтеді. Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолында шейіт болған ер есімі – мәңгі ел есінде.

“Жәнібек ауданының әкімі батырдың отбасымен кездесті, оларға облыс әкімдігі тарапынан қажетті жәрдем беретін болады. Беріктің есімі Отан алдындағы қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ретінде тарихта қалатынына сенімім кәміл”, – деді ол.

Талқылау