Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты
Ақтөбедегі көп профильді ауруханаға 5 адам жатқызылған. Олардың барлығы атыс кезінде жараланғандар. Бұл туралы бас дәрігер Самат Данияров хабарлады.

Жараланғандардың ішінде 3 әскери қызметкер, 1 полиция қызметкері және бір шабуыл жасаушы адам бар. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 2 адам атыс кезінде қаза тапқан.
“Олардың екеуіне қазір ауыр жарақат алуы себепті операция жасалып жатыр”, – деді Данияров.
Сондай-ақ, Ақтөбе ауруханасына олардан бөлек бірнеше жарақат алған адамдар жеткізілген. Олардың жағдайлары туралы ақпарат берілмеді. Жалпы атыс кезінде екі адам қайтыс болып, 20 адам жараланған.
Атыста жараланғандар туралы ІІМ өкілдігі де түсініктеме берді. Сонымен қатар, полиция тұрғындардан көшеге шықпауды сұрауда.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады