Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

“Ақтөбеде су тасқыны кезінде елді шулатқан Махаббат Ешімованың үйі құлаған жоқ”. Бұл кішкентай қыздың көршісі Нұргүл Бақытованың сөзі.

 d05e877f0fbda743c0962c135a0096fc_resize_w_520_h_

Махамбет ауылындағы баспанасын су басып, оқулықтары үшін алаңдаған Махаббат Ешімованың отбасына алматылық кәсіпкер үш бөлмелі пәтер сыйлаған еді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Енді олардың көршілері Талғат Лепесов пен Нұргүл Бақытова «оларға берілген тегін үй бізге бұйырар ма еді?!» деп отыр. Лепесовтердің айтуынша, 10 жастағы Махаббаттың үйі тұруға жарамды. Дегенмен, Лепесовтер де баспанасыз қалмады. Олар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан пәтер кілтін алды.

«Махаббат Ешімова менің үйімді пайдаланып, пәтер алып кетіп отыр. Олардың үйлері тұруға жарамды. Бір бөлмесі ғана құлаған. Баспана алып берген кәсіпкерге өз үйлерін емес, қираған біздің үйдің суретін көрсеткен. Мүмкін ол тегін үй бізге бұйырар ма еді?! Олар пәтерге алаяқтықпен қол жеткізіп отыр. Ал бізге мына пәтер әкімдіктен жалға берілді. Үш жылдан кейін сатып алуға мүмкіндік бар. Әзірге ай сайын қанша төлейтініміз де белгісіз»,-дейді Нұргүл Бақытова.

Пәтерден өзге Лепесовтердің есеп шотына 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы салынады. Ал мектеп оқушысы Махаббаттың анасы Тұрғангүл Ешімова су тасқыны кезінде үйінің тұруға жарамсыз болып қалғанын айтып әлек. Олар көршісінің үйін мүлдем пайдаланбаған.

«Менің үйімнің бір жақ қабырғасы құлады. Үйімнің ішіне кіріп қызым суретке түскен кезде артқы жағынан көршімнің ауласы көрініп қалған. Енді олар «сендер біздің үйді пайдаланып кеттіңдер» деп отыр. Сол үшін айтпаған сөзі жоқ. Тіпті, сотқа беремін дейді. Дүйім жұртқа жалған сөз таратты. Менің ойымша, кәсіпкердің алып берген үйін көре алмай отыр олар», – дейді Тұрғангүл Ешімова.

Қазір екі отбасыға қатысты халық пікірі екіге айырылды. Бірі кішкентай Махаббаттың қылығын даттаса, енді бірі қолдап отыр. Ал өңір басшысы Бердібек Сапарбаев баланы жылатып, бұлай саудаға салмау керектігін ескертті.

«Баланы саудаға салуға болмайды. Оның әке-шешесі бар емес пе? Бүкіл елді, Қазақстанды шулатты», – деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, «Нұр Ақтөбе» ауданында су тасқынынан зардап шеккен 5 отбасыға пәтер, тағы 65-іне жер телімдері берілді. Жер алған 44 отбасына құрылыс материалдары жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік,  су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке видеоүндеу жолдаған еді.

Тағы да оқыңыз:

National Geographic “Байқоңырдағы” ескі ғарыш кемелерін халық назарына ұсынды

Қайрат Рысқұлбековті өлер алдында соңғы рет көрген түрме қызметкерінің әңгімесі

Талдықорғанда аулада ішімдік ішіп отырған ер адам кенеттен көз жұмды (видео)

Талқылау