Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды зорлаған әскери қызметкер 15 жылға сотталды

Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 15 жылға сотталып, әскери шенінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмағандықтан, істің мән-жайы ашылмайды. Сот отырыстары Астана сотында жабық есік жағдайында өтті.
“Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды”, – делінген сот құжаттарында.
Әскери қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша сотталды. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімшесінің қызметкерлері жүргізді.
- Шығыс Қазақстанда 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам 2 жылға сотталды
- "ВИЧ жұқтырған": Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлады деген күдікпен ұсталды
Сайып келгенде, әскери адам он бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінген еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде