Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қалыңдықтар қыз жасаусыз қалды: Ата-аналар жиһазға тапсырыс беріп алданып қалған

Ақтөбеде ондаған қалыңдық қыз жасау жиһазынсыз қалды. Той күнінде құдалар алдында ұятқа қалған ата-аналар екі рет шығындалуға мәжбүр болған. Айтуларынша оларды тойға дейін жатын бөлме жиһаздарын арзан бағада жасап береміз деп тапсырыс алған әйел алдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан 

Ақтөбенің 22 тұрғыны үшін үйлену тойға дайындық кезінде қыз жасауға арналған жиһаз іздеген. Олар сатушыны әлеуметтік желіден көріп қалған. Жатын бөлмелерінің әдемі фотосуреттері мен қолайлы бағасы бірден назарларын аударған. Кейін саудагермен бетпе-бет кездескен кезде тіптен сенімге кірген. 

“Олардың терезесінен бір ғана жиһаз көрініп тұрды. Қалғанының бәрін суреттен қарадық. Біз оның парақшасынан өзімізге ұнаған жиһазды таңдадық. Олар бізге жақсы жеңілдік жасады. Мен сол жерде толық төлем жасадым. Ақпан айында төледім, қыркүйекте олар бізге жеткізуі керек еді. Бірақ міне үйлену тойы өтті, олар ештеңе әкелмеді”, – деді Кәмшат Сағандықова.

Гүлмира Саменова салдарынан шығынға ұшырағанын айтты.

“Қайта шығындадық. Жиһаз келмегесін басқа жиһаз сатып алдық. Маған жиһаз 5 тамызда жеткізілуі керек еді. Содан бері "әкелемін, әкелемін, арыз жазбаңыз" деді. Кейін, 30 тамызда арыздандым”, – деді ол.



Қазір полиция бұл істі қарап жатыр. 39 жастағы әйел аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Дегенмен әзірге іс тоқтап тұр. Сбебі кәсіпкер ресейлік жиһаз компаниясымен серіктескенін және сол компания тауарларды кешіктіріп жатқанын жеткізді. Құқық қорғау органдары осы ақпаратты тексеруде.

“Жақында сотқа дейінгі тергеу процесі Ресей Федерациясына халықаралық сұрау жолдауына байланысты тоқтатылды. Көрші елден жауап алғаннан соң бірден тергеу іс-шараларын жалғастырамыз”, – дед Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығыі Әсет Қалиев.

Бүгінгі таңда жалпы шығын 14 миллион теңгеден асатыны белгілі болд. Полицияға іс бойынша жаңа арыздар келіп түсуде. Сондықтан бұл сома әлі де өсуі мүмкін.

Талқылау