Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының жұмысшысына найзағай түсіп, көз жұмды

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының аумағында жұмысшыға найзағай түсіп көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған 

Марқұм зауытта экскаватор машинисі болып еңбек еткен.

36 жастағы жұмысшы найзағай ойнаған сәтте вагонға металл сынықтарын тиеп жатқан. Найзағай дәл жұмысшыға түсіп, ол тілге келместен көз жұмған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері азаматтың өлімін растады.

Марқұм зауыт аумағындағы мердігер компанияда 16 жылдан бері жұмыс істеген. Қайғылы жағдайға байланысты тексеріс басталып, сараптама тағайындалған.


"Жағдайлары ауыр": Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, 8 жұмысшы жарақат алды


“Жұмыс істеп жатқанда найзағай түскен. Нақты диагнозы сот-медициналық қорытындысымен анықталады. Негізі, бұрыннан істеп жатқан жұмысшы, 1988 жылы туған”, – деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясының инспекторы Асхат Жұмалы.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес жұмысшы күйіп қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау