Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адамның азаматтық некедегі сүйіктісі оның заңды әйелінен моральдық шығын талап етті

Ақтөбеде жұбайы тастап кеткен көпбалалы ана күйеуіне ашулы хабарламалар жіберген. Жазбаны қазіргі азаматтық некеде тұрып жүрген сүйіктісі оқып, әйелді сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dzen.ru

Ақтөбелік ер адам заңды әйелімен 6 бала тәрбиелеп отырған кезінде басқа әйелге кетіп қалған. Тастап кеткен әйелі күйеуіне ашулы хабарламалар жібере бастады. Бұл хабарламаларды қазіргі сүйіктісі оқып, өзін қорланған сезініп, әйелді сотқа берді. Ол моральдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіріп алуды және әйелді қылмыстық жауапқа тартуды талап етті.

Сотта айыпталушы әйел күйеуінің басқа әйелдермен кездесіп, отбасынан кетіп қалғанын түсіндірді. Ол күйеуіне ашулы хабарламалар жазғанын, бірақ қазіргі сүйіктісі туралы ештеңе айтпағанын атап өтті. 

Сот зерттеулерінен кейін бұл хабарламалардың тек екі жұбай арасындағы әңгіме екенін және онда басқа әйел туралы сөз болмағанын анықтады. Іс ақтау үкімімен аяқталды.



Еске салайық, бұған дейін Әділ Сыздықова есімді келіншек екінші баласын босануына екі апта қалғанда құрбысынан күйеуінің бас мешітте екінші рет неке қиғанын естіген. Қазақстандық келіншек әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің өзіне бір ауыз сөз айтпастан қалай екінші әйел алғанын және бұл жаңалықты қалай қабылдағанын айтып берді. Әділдің бұрынғы күйеуінің әрекеті көптің жағасын ұстатты. Қызу талқыға түскен бұл видео оның бұрынғы күйеуі Асқар Қайыргелдиновке жеткен. Ол Әділдің сөзін жоққа шығарып, бұрынғы отбасына өзі тұрған баспанасын тастап кеткенін айтады.

Талқылау