Ақтөбеде мигранттар Coca-Cola сусыны тиелген жүк көлігімен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған
Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметі
Ақтөбе облысында 22 тоннаға жуық Coca-Cola сусыны тиелген жүк көлігімен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, 12 мамырда Ақтөбе облысы “Жайсан” автокөліктік бақылау бөлімінде шекарашылар заң бұзушы мигранттардың жолын кесті.
Транзиттік Ресей Федерациясына бағыт алған жүк көлігін тексеру кезінде тиелген жүк арасынан (22 тоннаға жуық Coca-Cola сусыны) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы анықталды.
“Аталған дерек жөнінде Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңды емес көші-қонды ұйымдастыру) бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Шекара қызметі заңнамаға сәйкес мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады”, – делінген хабарламада.
Германия енді баспана сұрайтын босқындарды кіргізбейді
АҚШ-тан өз еркімен кетуге келісетін мигранттарға 1000 доллар мен жол ақысы төленетін болды
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қылмыстық топ заңсыз көші-қонмен айналысқанын жазған едік. Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстаған.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
