Ақтөбеде борышын өтегісі келмеген жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласындағы 6655 әскери бөлімінің жауынгері 1 мамыр күні үйіне қашып кеткен.
Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
1 мамыр күні әскерлер моншаға барады. Моншадан кейін қатардағы жауынгер Ғалымжанов “таза ауа жұтып” қайтуға шығып, содан жолды кесіп өтіп, такси ұстап қалады. Автовокзалға жеткеннен кейін азаматтық киімін киіп, таныс таксистпен келісіп үйіне тартып отырады.
Бірақ, дереу іздеуге кіріскен күштік құрылымдар теміржол мен автовокзалды қоршауға алып, артынша Қандыағашқа әскерилерді аттандырады. Үйіне жақын маңда көп ұзамай Ғалымжановты қолға түсірген.
“Ғалымжанов Өскемен қаласындағы әскери бөлімге шақырылған. Ол сол кезде әскери борышын өтегісі келмейтінін айтты. Онымен психологтар, әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері, әскери прокуратура өкілдері сөйлесіп жұмыс істеді. Бірақ, ол барғысы келмеді. Жас баланың үстінен қылмыстық іс қозғап оның өмірін бүлдіргілері келмегендіктен, оны үйіне жақын маңдағы Ақтөбеге ауыстырды”, – деді әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс бойынша орынбасары Денис Ча.
Оның айтуынша, Ғалымжановты аса қатты күш түспейтін, әскери қарулар арқаламайтын материалдық-техникалық қызмет ротасына ауыстырған. Әскери бөлім, Ғалымжановтың отбасында төртінші, яғни, ең кенжесі екенін хабарлады.
“Ғалымжанов ауқатты отбасынан шыққан. Бірақ, ол тым ерке. Оған өмірде қиын болады”, – деді Денис Ча.
Қазір жауынгердің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Жауынгер 2017 жылдың желтоқсан айында әскерден қайтуы тиіс болған.
Оқи отырыңыз:
Жолдасынан ерекше махр сұраған қалыңдық жұртты тамсандырды
27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)
Еліміздің 8 облысында үсік жүреді
“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым