Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы Қазақстанның рекордтар кітабына кірді

Мұса Тұрқұмбаев турникке тартылудан спорттық рекорд орнатты. Мұса 8 жаста болса да, турникте 42 рет тартыла алады. Баланың  көрсеткіштерін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алғашқы сабақтардан-ақ байқай бастаған. Турникте тартылудан бөлек, 1600 рет кеудесін жерден көтере алатын көрінеді.

Бұл туралы 24-арна хабарлады.

Ол 3 жасынан бастап спортқа қызыққан. Баланың жаттықтырушы бапкері өзінің әкесі. Ол көп жылдар бойы еркін күреспен айналысқан.

«Дене шынықтырудың алғашқы сабақтарында-ақ Мұсаның белсенділігін байқадым. Мұндай балалар сирек кездеседі. Егер үнемі жаттығып тұрса, баланың болашағы жарқын болады деп  сенемін», – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Роман Дмитриев.

«Қазақстан бойынша турникке тартылудан жасаған рекорд 42 болса, өзім үшін 50. Арманым дзюдодан үш дүркін олимпиада чемпионы болу. Сондай-ақ, жүксіз және жүк көтеріп тартылудан дүниежүзілік рекорд жасап, чемпион болу»,- дейді бірінші сынып оқушысы Мұса Тұрқұмбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин: Бұл жолы ешқандай күмән болмайды, мен жеңіске жетемін

Бақтияр Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан АҚШ құрамасын жеңді

Министр Олимпиада ойындарында кімдерден медаль күтетінін айтты

Талқылау