Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақтияр Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Бақтияр Артаев Головкин-Альварес айқасына қатысты өз болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Шыны керек, екінші жекпе-жекке де объективті тұрғыда қарау қажет қой. Алдағы реванш тағы да тең аяқталатын сияқты. «Неге?» деген сұраққа жауап бермей-ақ қояйын, бірақ бұл – менің жеке ойым, болжамым, көзқарасым. Жекпе-жек солай аяқталады», – деді Артаев.

Оның ойынша, реванштың шешімі өтетін жеріне байланысты емес. Екінші жекпе-жек Лас-Вегаста өте ме, Нью-Йоркте ұйымдастырыла ма, бәрібір боксшылар тең түседі. Осыдан кейін олар үшінші жекпе-жекті де өткізбеуі де әбден мүмкін.

«Осы жолғы келісімшартта реванш туралы ештеңе жазылмаған. Негізі, екеуі де өз атақтарын сақтап қалса, үлкен абырой ғой. Сондықтан үшінші жекпе-жек өтпеуі де мүмкін. Реваншта нокаут болмайды. Өйткені екеуі де мықты боксшы. Келесі жекпе-жек Лас-Вегаста болатын шығар. Себебі ол жақта халық көп жиналады. Үлкен шаралар жиі ұйымдастырылады”, – деп атап көрсетті Бақтияр Артаев.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді.

Тағы да оқыңыз:

Головкин мен Альварес үш жекпе-жек өткізбек

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Он бір жыл түрмеде отырған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Талқылау