Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды

Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды. Белігілі болғандай, оны өлтіріп кеткені анықталып, полицейлер күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары полицияға 23 мамырда үйден шығып, оралмағанын айтып шағымданған. Кейінірек іздеуге еріктілер де қосылды.
“Ақтөбе қаласында бұрын хабар-ошарсыз кеткен 1956 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу мүддесі үшін басқа да мәліметтер жария етілмейді”,-деді облыстық полиция департаменті.
Абай Айсағалиевич – танымал нефролог-дәрігер, оны көпшілік жақсы таныған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды