Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ақтөбеде белгілі тележүргізушінің өлімінен кейін сотталған механик бостандыққа шықты
Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімінен кейін сотталған лифт жөндеуші механик арада екі айт өткеннен кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Бастапқыда Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда аппеляциядан кейін оны шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар Ақжанов жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеп берген.
Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек