Ақтөбеде банк қызметкері 12 миллион теңгені өзіне аударып алған
Ақтөбеде банк қызметкері 12 млн теңгені өз есепшотына аударып алған, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы банк директоры хабарлама берді. Қазір 35 жастағы банк менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
БҚО-да бес баланың анасы асылып қалды
Денсаулық сақтау вице-министрі Түркиядан Қазақстанға вирус келді деген ақпаратқа жауап берді
Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген
Алматы облысында Toyota көлігі аударылып, екі адам көз жұмды
Талқылау