Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде балабақшадағы балалар қолданылған мүшеқаппен бірнеше сағат ойнаған

Ақтөбедегі № 41 «Назерке» балабақшасында балалар бірнеше сағат қолданылған мүшеқаппен ойнаған. Балалардың бірі оны үстелге лақтырып жіберген екен.

Бұл туралы Aktobetimes.kz хабарлайды.

Бұл сұмдықты естіген ата-аналар шу шығарды. Балабақша күзетшілері бірден күдікке ілінген. Басшылық олардан паласты өз есебінен жууды талап етіпті. Алайда зейнет жасындағы екі күзетші бас тартқан. Ал күзетшілердің үшіншісі 25 жастағы жігіт аталған жағдайға байланысты өз еркімен жұмыстан кетті.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

«Аталған дерек расталған жоқ. Балабақша меңгерушісі қазір емделіп жатыр. Шыққаннан кейін жұмыстан кеткісі келетінін айтты», — деп атап өтті Индира Бексұлтанова.

 

Талқылау