Ақтөбеде алаяқтар адамдардан "кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түстің" деп ақша бопсалаған
Ақтөбеде адамдарға кәмелетке толмаған қызбен жақын қарым-қатынаста болды деп жалған айып тағып, ақша бопсалағаны қылмыстық топ сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Осы жылдың қысында үш дос – жұмыссыз жігіт, зауыт жұмысшысы және суретші қыз қосымша ақша таппақ болған. Алайда жалған кәмелетке толмаған қызды пайдаланып, бопсалау схемасын ойлап тапты. Кәмелетке толмаған қыздың рөлін 19 жастағы суретші қыз өзі сомдаған.
Жоспарды жүзеге асыру үшін қыз пәтер жалдап, ер адамдарды алдап шақырған. Ол өз "міндетін" орындаған соң, жуынатын бөлмеге кіріп, телефон арқылы серіктеріне белгі береді. Осыдан кейін екі досы әрекетке көшеді.
Олар пәтерге кіріп, өздерін "антикор қызметкерлеріміз" деп таныстырып, клиентке "кәмелетке толмаған қызбен жақын қарым-қатынаста болдың" деп айып тағады. Оны одан әрі қорқыту үшін қыздан сараптама алатындарын айтып сес көрсетеді.
Алайда, "жемқорлықпен күресушілер" клиентке 2 миллион теңге берсе, мәселені жабуға болатынын айтады. Ақшасы болмаған жәбірленушіні досынан қарыз сұрауға мәжбүрлейді. Клиент айтқандарын орындап, досынан ақшалай көмек сұрады. Алайда оның досы бұл қойылымға сенбей, бірден бастығына қоңырау шалады. Мұны байқаған үшеуі жалдамалы пәтерден асығыс шығып кетеді.
Көп ұзамай полиция оларды қолға түсіріп, іс сотқа өтті. Айыпталушылар кінәсін мойындады, бұл кезде олар жәбірленушімен татуласқан еді.
Ақтөбе қаласының №2 соты үшеуін де бопсалау бабы бойынша кінәлі деп таныды. Үш күдікті де 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.