Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр
Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер балаларына масыл болмау үшін қарттар үйінде тұрғысы келеді. Олардың көбі туыстары барын жасырады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Қарттардың интернат-үйінде 63 жастағы Жәнібек Кеулімжаев тұрады. Оның мұнда келгеніне 3 жыл болған. Ал, туған балалары зейнеткерді үйіне алып кетуге асықпайды.
Жәнібек қарттар үйіндегі өміріне риза. Ондағылар зейнеткерді тамақтандырады, киіндіреді, ұйықтатады және киімдерін жуып береді. Ол әйелінің ажырасайық деген хабарынан кейін инсульт алған. Содан бері мүгедектер қатарына кіреді.
“Ұлым мен келінімнің қолында тұрдым. Олардың қасында тұру ыңғайсыздық туғызды. Адамға үнемі күтім керек. Сосын оларға айттым: “масыл болғым келмейді, ең дұрысы қарттар үйінде тұрайын”. Қайда өлсең де бәрі-бір емес пе?”, -дейді өкінбейтінін айтып Жәнібек Кеулімжаев.
Қарттар үйі қызметкерлерінің айтуынша, Жәнібек Кеулімжаев сияқтылар саны жыл сайын көбейіп бара жатыр.
“200-ден астам тұрғындардың жартысы – мүгедектер, қалғаны – қарттар. Олардың туыстары бар ма жоқ па анықтау қиын. Көбісі бұл ақпаратты жасырады”, – дейді қызметкерлер.
“Соңғы өзгерістерге байланысты, олар мұнда туыстары олардан бас тартқандықтан келеді. Дегенмен де, олар туыстары барын жасыруға тырысады”, – дейді қарттар үйі директорының орынбасары Болат Исаев.
Жәнібек Кеулімжаев кіші ұлының жұмысқа тұрып, материалдық жағдайын реттеп алғанын күтеді. І топтағы мүгедектің ай сайынғы зейнетақысы – 80мың теңге. Оның 56 мың теңгесі мемлекеттік мекеме қазынасына түседі.
Тағы оқыңыз:
Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)
Қостанайда кеден бекетінің бұрынғы 8 қызметкері сотталды, олардың 6-ы әйел
Америкалық 9 жасар бала ұрыны ойыншық мылтықпен қорқытты