Қазақстандық ішкі ағзаларын 15 миллион теңгеге сатпақ болған
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысы прокуратурасы адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық прокурорлар бұл заңсыз әрекетті әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында анықтаған.
“Ақтөбе қаласы тұрғындарының бірі өзінің ішкі ағзаларын сату бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасамақ болғаны туралы ақпарат алынды”, – делінген хабарламада.
Алынған мәліметтер негізінде облыстық полиция департаменті өкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде 30 сәуірде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі ағзаларын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстаған.
“Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Омырқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
