Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе соты облыстық аурухананы төсек сатып алу үшін артық төленген 286 млн теңгені қайтаруға міндетеді

Ақтөбедегі көпсалалы аурухана мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сот медициналық мекемені қымбатқа алынған 188 төсек-орынның артық ақшасын бюджетке қайтаруға міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Ақтөбе облысы бойынша аудит департаменті облыстағы көпсалалы аурухананың мемлекеттік тапсырыспен алынған төсектері талапқа сай емес деген шағыммен сотқа жүгінген. 

Іс материалдарына сүйенсек, аурухана 2023 жылдың қазан айында электрлі медициналық кереуеттерді сатып алуға байқау өткізген. Алайда байқауды өткізу барысында мемлекеттік сатып алу тәртібі бұзылғаны анықталды. Себебі емлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа бір ғана өтінім түскен. Ал аурухана тауарды сол жалғыз жеткізушіден сатып алу туралы шешім қабылдаған. Әрі қарай 488 217 200 теңгеге 188 төсек жеткізуге келісім шарт жасалған.

Аудит басқармасы жеткізушінің тиісті құжаттарының жоқтығын анықтады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу кезінде керует бағасы негізсіз көтерілгені белігілі болды.



Аудит департаменті аурухана басшылығы 286 117 200 теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланды деп таныды. Сонымен қатар бюджетке тиімсіз жұмсалған 286 117 200 теңгені қайтару және оған жол берген қызметкерлерді жауапқа тартуды талап етті. 

Сот аудит нәтижелері дұрыс деп үкім шығарды.

Ауруханаға қатысты бірінші сот отырысы 6 маусым өткен. Ал апелляциялық шағым 19 қараша күні қаралды. Сот аурухана талабын қанағаттандырудан бас тартып, бірінші сот үкімі күшінде қалды.

Денсаулық сақтау басқармасы енді жоғары сотқа жүгінбек. 

“Аурухана басшылығымен керуеттерді ауыстыру мәселесі 2020 жылдан бастап көтерілді. Себебі пациенттерден көп шағым түсті. Әсіресе хирургиялық емдеуден кейін  қажеттілік туындады. Көпсалалы аурухананың 10 бөлімшесінің алтауы хирургиялық. Барлық пациенттерге функционалды керуеттер қажет. Қазір ол керуеттерді пациенттер пайдаланып отыр. Тендерде заң бұзушылықтар болған жоқ. Техникалық негіздеме тендер жарияланған күні шықты. Бұл антикор мамандарының назарына ілікті. Сондықтан аурухана басшылығы қазір сотқа талап-арыз дайындауда”, – делінген Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Айта кетейік, аталмыш іс бойынша тергеу жыл басында басталған. Қаңтар айының соңында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқарасының бұрынғы бастығы Рүстем Исаев қызметінен кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қарамағындағылардан ақша талап еткен білім бөлімінің бұрынғы басшысы сотталған еді. 

Талқылау