Ақтөбе облысында футбол қақпасы құлап, оқушы жан тапсырды
Қайғылы оқиға 5 қазан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында болған екен. Орынбасаров атындағы ауыл мектебінің футбол алаңында 11-сынып оқушысына қақпа құлап, бала жан тапсырған.
Aktobetimes.kz редакциясының ақпаратына сүйенсек, 17 жастағы Нұрсерік ауданаралық жарыстан кейін қаза тапқан. Баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен көрінеді.
Шалқар ауданы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарып отыған Амангелді Қонатбаев жарыс туралы ақпаратты жоққа шығарған. «Ешқандай жарыс болған жоқ. Оқушылар кешке жақын ауыл шетіндегі футбол алаңына барған. Бұл алаңды оқушылардың өзі жабдықтаған. Нұрсерік қақпаның үстіне шыққан кезде, қақпамен қоса құлаған шығар… Осы іс бойынша бізге комиссия келіп кетті. Комиссияның қорытындысы – қайғылы оқиға…», – дейді ол.
Нұрсерік Тұмалыкөл ауылының мектебіне биыл ғана ауысып келген екен. Бұған дейін Ырғыз ауданына қарасты ауылдардың бірінде білім алған. Марқұмның ата-анасы сол Ырғыз ауданындағы ауылда тұрады.
Жіберіп алмаңыз:
Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)
Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған
Қарағандыда екі жолдас бала күртеше үшін ер адамды өлтіріп мәйітін жасырып кеткен