Ақтөбе облысында 54 жастағы инженер үшемнің әкесі атанды
Ақтөбе облысында 13 жылда алғаш рет табиғи жолмен өмірге үшем келді, деп хабарлайды Мой город.
Алға ауылының тұрғыны Жарылхан Сейтовтың тұңғышы 13 жаста, ортаншы қызы 11 жаста, ал кенже қызы жақында 3 жасқа толды. Енді ол тағы үшемнің әкесі атанды.
Әрқайсысы 2700 келі болып туған сәбилердің денсаулығы жақсы, олар дәрігерлердің қарауында. Нәрестелерге әлі есім берілген жоқ.
Жарылхан Сейтов өзінен 18 жасқа кіші жарымен Жанажолда мұнай өндіру қызметінде жүріп танысқан.
«Ол жаратқанның сыйы. Әйелім керемет ән айтады, тоқыма тоқиды, дәмді ас әзірлейді», – дейді отағасы жарына сүйсініп.
Бірнеше жыл бұрын бұл көп балалы отбасы облыстан үй алмаққа талпынған. Алайда, қымбатшылығына байланысы бас тартып Алға ауылына туыстарымен бірге тұруды жөн көреді. Отағасы әкесінен қалған тар үйді бұзып, кеңейтіп салды. Алайда, үшеммен бірге енді ол үйде таршылық етері сөзсіз.
«Біз тату отбасымыз. Менің үш қарындасым бар еді, енді үш інім өмірге келді. Енді менің мойныма үлкен жауапкершілк жүктелді», – дейді тұңғышы Әнуар.
«Баяғыда 120 мың жалақы алатын кезде бәріне ақша жететін еді. Енді қазір қалай боларын білмеймін. Бұрын үкімет көпбалалы отбасына үй беретін. Қазір ол да жоқ. Әкімдік тарапынан да ешкім келіп құттықтаған жоқ. Облыс басындағылар бізді ескеріп Ақтөбеден үй берсе деймін», – дейді әкесі.
Облыста жыл сайын егіздер өмірге келеді. Алайда, олардың көбі жасанды жолмен іске асады.
«Табиғи жолмен өмірге үшемнің келуі сирек кездеседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2003 жылы болған. Сондықтан бұл біз үшін айтарлықтай оқиға», – дейді бірінші перинатарлық орталығы патология бөлімінің меңгерушісі Айымкүл Әлиева.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)
Қазақстандық жомарт кәсіпкер 3 жасар науқас баланы Үндістанға апару үшін жеке ұшақ тауып берді