Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағы кімнің кандидатурасы қаралғаны белгілі болды
Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Ералы Тоғжановтан бөлек, Асхат Шахаровтың да кандидатурасы қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтөбе қаласына келіп, Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.
"Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы Асхат Шахаровты таңдады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды