Ақтөбе облысының әкімі 60 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті деген ақпаратқа пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың туған күні қаладағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өткені және сол жерде мемлекеттік қызметтегі көліктердің тұрғаны туралы ақпарат таралған еді. Алайда облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 мамырда Ералы Тоғжанов 60 жасқа толған еді. Айтуынша, ол туған күнін тек отбасымен ғана атап өтеді.
“Отбасымызда туған күнді әдетте 12-сінен 13-іне қараған күнді атап өтуге әдетке айналдырғанбыз. Балаларым мен достарым 2018 жылдан бері жиналамыз. Бір ретте балаларым өзіммен бірге Астанадан қызметтік ұшақпен бірге жасырын келген болатын. Сондықтан мен мерейтойымды үйде отбасыммен бірге атап өтетінімді айтқым келеді. Журналистерге өтірік айтып керегі жоқ. Келесі күні 13 мамыр менде әрқашан жұмыс режимі. Былтыр бұл күні Қарағандыға жұмыс сапарымен барғанмын. Биыл таңертең тұра салып құрылыс жұмыстарымен танысу үшін Қобда ауданына жұмыс сапарымен бардым. “Ауыл аманаты” жобасы бойынша бөгет салу жұмыстарымен таныстым. Ал Ақтөбеге тек түстен кейін жетімдер үйіне барып, спорттық шараларға қатыстым. Сағат кешкі сегізге дейін жұмыста болдым. Адамдар міндетті түрде бір жерде атап өту керек деп ойлайтын шығар. Қандай бір көліктер тұрған болса, мен ол туралы ақпарат біліп, тапсырма беретін едім. Бірақ мендегі ақпарат бойынша ешқандай мемлекеттік көлік сол күні еш жерде жүрмеді. Жүруі де мүмкін емес”, – деді облыс әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы мен қала әкімінің қандай көлік мінетіні белгілі болғаны туралы хабарлаған едік. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 2012 жылғы Lexus қызметтік автокөлігі бар екенін айтқан. Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребековтың 2014 жылғы Kia Quoris қызметтік автокөлігі бар.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
