Көлік бөлініп кеткен: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 шетелдік қаза тапты
4 наурызда Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 8 шетелік көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы жерде Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан. Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы – Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
“Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан көліктер соқтығысьы. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Бұған дейін Қарағанды қаласында айналма тас жолда болған жол-көлік апатынан бес адам мерт болғанын жаздық. Облыстық полиция автокөліктер бетпе-бет соғысқанын айтты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан