Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты.  Құтқарушылар автобустан 33 өзбекстандықты эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

2 наурызға қараған түні Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан 40 шақырым жерде Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігі Уфа-Самарқанд бағытында келе жатқан жолаушылар автобусымен соқтығысқан.



Төтенше жағдайлар министрлігі вахталық автобустағы 33 Өзбекстан азаматын жолдың қауіпсіз бөлігінде орналасқан автобусқа көшірді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жүк көлігі жүргізушісі аязда 5 күн бойы жолда қалып қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау