Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты: Ішінде шетелдіктер бар

Фото: Видеодан скрин
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты 7 желтоқсан күні шамамен сағат 8:40-та Самара-Шымкент тас жолының 1024-інші шақырымында болған.
“Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысы бағытында келе жатқан автобус Ұлғайсын ауылының маңында оң жаққа аударылған. Автобуста Пермь – Ташкент бағыты бойынша кетіп бара жатқан 49 жолаушы болған”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті, 11 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 23 жастағы фельдшер қаза тапты (видео)
Өзбекстаннің төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі өзбекстандық болып шықты.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапқан еді.
Еске салайық, қазан айында дәл осы ауданда болған тағы бір ірі жол апаты 12 адамның өмірін қиған еді. Сол оқиғадан кейін көлік прокурорларына тасымалдайтын жүргізушілерге қатысты бақылауды күшейту тапсырылды. Ал полицияға дрондармен жасырын және әуе патрульдерімен қоса кеңейтілген қадағалау жүргізу міндеттелді.
Алайда статистикадағы деректерден жан түршігеді. Прокуратура мәліметінше, биыл кейінгі он айда өңірде 1 665 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттар салдарынан 102 адам қаза тауып, 2 433 адам жарақат алған.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр