Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Байғанин ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.
“Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апаты дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған жағдайдың барлық мән-жайлары анықталуда”, – делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазақстанда енді жол апатынан кейінгі залал шығынды тәуелсіз мамандар бағалау ұсынылды
Полиция мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде әкесі мен үш баласы қаза тапқан жол апаты бойынша істі қараған алқабилер соты айыпталушы жүк көлігінің жүргізушісін ақтап алғаны туралы жазған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан