Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 адамның өмірін қиған: Ақтөбе облысындағы жол апатына қатысты жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Ақтөбе облысында сот 8 адамның өмірін қиған жол апатынан кейін MAN жүк көлігінің жүргізушісін 2 айға қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

9 тамызда Хромтау аудандық соты Әйтеке би ауданының жас футболшылары мінген Toyota Ipsum көлігімен бетпе-бет соқтығысқан MAN автокөлігінің жүргізушісін қамауға алуға санкция берді. Жол апатында 8 адам қаза тапты, оның бесеуі бала.

Жүргізушіге “абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабында көзделген қылмысты жасады деген айып тағылған.


"Анасы көз жасын тыя алмады": Алматы облысында мопед айдаған 21 жастағы жігіт жол апатынан қаза тапты (видео)


Сот жүргізушіні тергеу мерзіміне 2024 жылдың 7 қазанына дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмғаны туралы жазған едік. Қаза тапқандардың бесеуі бала. Балалар мен олардың жаттықтырушылары көрші облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан. 

Талқылау