Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, "Атамекен" ҰКП алаңында облыс прокурорының, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес мүшелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған шараға қатысу барысында прокурорлармен тексерістерді тіркеу тәртібі және әділ кәсіпкерлік жүргізу қажеттігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша хаттама қабылданып, онда Департаментке кәсіпкерлік субъектілері арасында тоқсан сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Желтоқсан, 2024 14:25