Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ірі қара індеттен қырылып, өңірге карантин енгізілді

Ақтөбе облысында 4 бас ірі қара белгісіз аурудан өлді. Оқиға Көптоғай ауылдық округіндегі "Мәтжан" шаруа қожалығында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, ветеринарлар оқиға орнына барып, өлген малдан сынама алып, облыстық зертханаға жіберді. Онда сараптама малдың эмкардан өлгенін көрсетті.

"Өлген жануарлардың денелері қорымға жеткізіліп жойылды, қалғандары бақылауда", – деді ветеринария басқармасынан.

"Мәтжан" шаруа қожалығында 243 бас ірі қара, 762 бас ұсақ мал, 7 жылқы бар. 27 ақпанда Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылықта карантин енгізілді.

Айта кетейік, эмкар – эмфизематозды карбункул – жануарлардың дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ісінетін жұқпалы, жіті ауру. Көбінесе ірі қара мал, сирек қой мен ешкі ауырады.


Қостанай облысында жүзге жуық мал басынан бруцеллез анықталды


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда әкімдіктер Сібір жарасының тарап жатқанын жасырып қалғанын жаздық. Прокуратура Қазақстанда кейінгі үш жылда Сібір жарасы мен аусыл сияқты жануарлардың аса қауіпті ауруларының 900-ден астам ошағы тіркелгенін мәлімдеді. 

Талқылау