Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында дельтаплан құлап, ұшқышы көз жұмды

Көлік министрлігі Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында дельтаплан құлап, бір адамның көз жұмғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

дельтаплан

Министрлік мәліметінше апат өндірістік жұмыстарды орындау барысында болған. Ал дельтаплан "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі екен.

“Дельтаплан ұшқышы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонған. 

“Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау