Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір топ оқушы қытай кәмпитіне жаппай уланғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында балалардың қытай тағамдарынан жаппай улануынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп оқушыларының улануынан кейін Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Екі күн емделгеннен кейін мектеп оқушылары ауруханадан шығарылды.

"Қазір балалардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық зерттеулер теріс болып, үйлеріне шығарылды", – дейді Қобды аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Пернебаева.

Алдағы бес күнде балалар дәрігерлердің бақылауында болып, қайта зертханалық тексеруден өтеді.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында бір топ оқушы қытай кәмпитіне жаппай уланып, ауруханаға түскені айтылған еді.

Талқылау