Ақтөбе облысында әйел туған анасын ұрып өлтірді
Ақтөбе облысында әйел анасын ұрып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.
Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық полиция департаменті "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді