Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда анасының асылып қалғанын көрген ұлы өзіне пышақ сұқты. Ауыл тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбе облысында үйлену тойына дайындалып жатқан отбасының шырқы бұзылды. Бір күнде анасы мен ұлы өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында сенбі күні болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

Полицияның дерегінше, әуелі 63 жастағы анасы далада тұрған газ құбырына асылып қалған. Мұны тауып алған 28 жастағы ұлы да, сөзге келместен өзіне-өзі пышақ сұққан. Сол сәтте үй ішінде отағасы және басқа да туысқандары болған.

Бүгін олар марқұмдарды жер қойнына тапсырды. Полицейлер қазір қанды оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

"Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабына сәйкес қылмыстық іс козғалды. Аталған  өлімнің не себептен болғаны анықталуда", - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.


Ауыл тұрғындары, болған жайтқа әлі күнге сене алар емес. Айтуларынша, отбасы ортаға сыйлы, әрі үлгілі. Жалғыз ұлдары жуырда ғана келіншек әкеліп қуантыпты. Енді үйлену тойының қамына кіріскен еді деді.

"Мамасы Гүлзия 63 жаста еді. Жақсы адам, отбасы да жақсы. Екі қыз, бір түйір ұл. Намаз оқиды. Өте жақсы бала. Өз балдарымның жолдастары, достары. Кәдімгідей 19 қыркүйекте той болады деп әп-әдемі дайындалып жүрді. 3 қыркүйекте келіншегін әкеліп қойды. Енді, міне, той істейін деп жатқанда мынадай болды. Неден болғанын білмеймін?", - деді Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысында анасы мен ұлы өздеріне қол салды.

 

Талқылау