Ақтөбе облысында 9 жасар бала мен оны құтқармақ болған 38 жастағы спортшы құдыққа құлап көз жұмды
Фото: yarkolco.ru
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарлы ауылында 9 жасар қыз бен 38 жастағы ер адам қоқыс қалдығы бар құдыққа құлап мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
17 маусымда Байғанин ауданы Жарлы ауылында 9 жасар қыз қоқыс толтырылған, тереңдігі 10 метрдей ескі құдыққа құлап кеткен.
38 жастағы спортшы Нұрбол Берліғалиев оны құтқармақ болған. Ол да төмен түскен, бірақ орнынан тұра алмаған.
“Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам ес-түссіз халде құдықтан шығарылды. Аудандық төтенше жағдай, алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілді, алайда екеуі де мерт болды”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.
Тереңдігі 40 метр: Түркістан облысында құдыққа құлаған келіншек көз жұмды
Байғанин аудандық әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл екі үйге ортақ ескі құдық. Аузын ағашпен жауып бастырып қойған.
“2-3 бала тығылып ойнап жүрген кезде қыз құдыққа түсіп кеткен. Сол кезде көмекке көршісі Нұрбол Бердіғалиев келіп, құдыққа түсті. Бірақ құдық түбіндегі иістен уланып қалды. Екеуін де құтқарушылар шығарып алды”, – делінген хабарламада.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адам қазақстандық арудың сырт келбетіне тиісіп, ескерту жасаған (видео)
