Бес бала көз жұмды: Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жол апатының себебі айтылды
Полицейлер Ақтөбедегі бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу 245-баптың 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша жүргізіліп жатыр.
MAN көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Сонымен қатар “Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша тергеу басталды. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы 7 тамызда Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент тас жолының 862-шақырымында болған.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмғаны айтылды.