Ақтөбе көшелерінде ұятсыз еркекті видеоға түсіріп алған
Ақтөбеде шалбарын шешіп, ағаштың артында тығылып тұрған жігіт тұрғынның көзіне түскен.
Бойжеткен оны бірден видеоға түсіріп, aktobe_zello парақшасына жүктейді. Оның айтуынша, жігіт жалаңаштанып тұрған жерде балалар көп жүреді. Себебі, айналада мектеп пен балабақша бар.
Желі қолданушылары эксгибиционисті көргендерін айтқан. “Адамдар, мұндайды көрген сәтте полиция шақыру керек”, – дейді пікір білдірушілердің бірі.
Осы уақытқа дейін мұндай оқиға Орал қаласында болған. Балабақша тәрбиеленушісінің әкесі көшеде өзін қанағаттандырып отырған полиция қызметкерін байқап қалған. Оның үстінен “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілген-ді.
Жіберіп алмаңыз:
Мәжілісте Асанов пен Қасымов бір-бірінің кемшілігін жайып салды
Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?
Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты
Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады