“Ақтөбе” командасын еуропалық маман жаттықтырмақ

“Ақтөбе” клубының бас бапкері қызметіне еуропалық маман Штефан Таркович келуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сүйенсек, “Ақтөбе” басшылығы Словакия футбол федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
27 наурыз күні 53 жастағы бапкер Астана қаласына екі көмекшісімен бірге келеді. Олардың қатарында талдаушы, жаттықтырушы және дене дайындығына жауапты маман бар.
Бұл мамандардың барлығы бастапқы кезеңде “Ақтөбе” командасымен бірге жұмыс істейді.
Еуропалық бапкер мен “Ақтөбе” арасындағы келісімшарт 1+1 жүйесі бойынша жасалмақ. Егер команда Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанса, маман тағы бір жылға келісімшартын ұзартады.
Мансабын аяқтаған Луиш Нани дебют жасаған ойында “Ақтөбе” жеңіліп қалды
Айта кетейік, қазіргі таңда “Ақтөбе” клубы Қазақстан Премьер-лигасында небәрі үш ұпай ғана жинаған. Маусым басында команда құрамына әйгілі футболшы Луиш Нани қосылған еді. Алайда қазіргі таңда оның өзі де клубқа айтарлықтай көмектесе алмай отыр.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз