Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе гарнизонының мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған.
"2024 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз өзіне қол жұмсады", – делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі