Ақтөбе дегенде шошитын қытайлар Димаштың өнерінен кейін басқаша қарайтын болған
Қытайдың Шаңхай қаласында оқитын студент Сафура Ерғалиеваның айтуынша, шетелдіктер біздің елден президент пен Димашты ғана таниды екен. Шаңхайда қазақстандық студенттерге Димаштың туысындай қарайтын болып шықты.
«Қытайлықтар Қазақстаннан келген әр адамға «Димашты танисың ба?» деп жүгіреді. Олар Димаш туралы сұрай береді. Димаш Құдайбергеновтың өнерінен кейін қазақстандықтарға қызығушылықпен қарай бастады. Ол Қытай елін адам сенгісіз жағдайда дүр сілкіндірді. Димашты әр адам таниды. Қазақстаннан екеніңді білсе, бірден «Димашты білесің бе, Димашты танисың ба» деп сұрақты жаудырады», — дейді Сафура Ерғалиева.
Қытайдағы медициналық университете оқитын ақтөбелік қыз шетелдіктердің Нұрсұлтан Назарбаевты мақтап, Димаш Құдайбергеновке қызығатынын байқаған, деп жазады Аktobenews.kz.
«Өткен жылы қолайсыздау болды. Менің Қазақстаннан, оның ішінде Ақтөбеден екенімді білгенде Қытайдағы достарым шошып қарайтын еді. Себебі, ол кезде Ақтөбеде теракт оқиғасы болып жатты. «Ақтөбе» дегенде біртүрлі қарайды. Кейін Димаш өнерін әлемге паш етті. Оның Қазақстаннан, оның ішінде Ақтөбеден екенін естігенде маған қызығып қарайтындар көбейді. Қытайлар шетел студенттеріне өте мейірімді, бауырмал. Біздің қалай тұратынымызға қызығады. Олар үнемі біздің президентті мақтап жатады. Олар біздің мәдениетіміз туралы жиі сұрайды. Біздің ет, жылқының етін жейтінімізге қатты таң қалады», — дейді Сафура Ерғалиева .
Тағы да оқыңыз:
Қытайлықпен дуэт айтқан Димаш ән байқауында оған 1-орын алып берді (видео)
Димаштың әнін көше ортасында айтқан қытай қызы желіні “жарды” (видео)
Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда