Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі мешітте келуші қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды


Фото: instagram.com/emmanuellanauryzbaeva

Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде күдікті Талғат Ахметов Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінде белгілі ақтөбелік блогер Эммануэлла Наурызбаеваға тиісіп, "жыныстық қатынас үшін бір реттік неке қиюды" ұсынғаны түсірілген видео тараған еді.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. Алайда сот Ахметовтің кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Время басылымының мәліметінше42 жастағы Талғат Ахметов соңғы бірнеше жылда әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке тартылған көрінеді. 

Мысалы, ол бұған дейін қоғамдық көлікте бір жолаушының бетінен жұдырықпен ұрып, кейін терезеден секіріп кеткені үшін бір жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Шапан мен сәлдені күнделікті киім ретінде киіп жүретін Ахметов жолаушының өзіне "дұрыс қарамағанын” алға тартқан.

Тағы бір жағдайларда ол ескі қалалық мешіттің келушілеріне балағат сөздер айтқаны үшін 5 және 15 тәулікке қамауға алынған.

Еске салсақ, бұған бейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 21:33
Талқылау
`