Актер Владимир Толоконников ауруханаға түсіп қалды
Қазақстандық актер Владимир Толоконников Мәскеуде ауруханаға түсіп қалды. 73 жастағы әртістің денсаулық жағдайы нашаралаған соң, ол медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Владимир Толоконниковтің созылмалы дерті асқынып кеткен. Қазіргі уақытта актер стационарда жатыр. Ол интенсивті терапия курсынан өтуі тиіс. Дәрігерлердің айтуынша, актердің қазіргі жағдайы бірқалыпты, деп хабарлады Экспресс-К.
Есесіне Толоконников өзіне пәлендей ештеңе болмағанын айтуда.
«Емделуге уақытым пайда болды. Қорқатын дәнеңесі жоқ, бар болғаны суық тиді», – деді ол.
Владимир Толоконников елуге жуық фильмдер мен телехикаяларға түскен. Оның ішінде “Хотаббыч”, “Тоғысқан тағдырлар”, «Виола Тараканова: в мире преступных страстей» және т.б. бар. Алайда оны ел арасына кеңінен танымал еткен образы – Михаил Булгаковтың шығармасының желісі бойынша түсірілген “Собачье сердце” фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтың образы.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)
Ди Каприоның фильмінен кейін Мақпал Исабекова вегетариан болып кетті
Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақ тастаған